БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысы, Қазығұрт ауданы «Әсем» бөбекжай  балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Қ. Р., 160300, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы,  А.Қайымбеков көшесі, № 6 үй
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, вебсайт)Ұялы телефоны: + 7 702 627 23 02
Электрондық поштасы: kaz_shastar@mail.ru Веб сайты: https://asem-bb.edu.kz/ 
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т. А. Ә, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Дөнен Әлия Төлендіқызы «Әсем» бөбекжай балабақшасы ЖШС құрылтайшысының шешімі бойынша 2016 жылдың 23 ақпан күні №1 бұйрықпен тағайындалсын.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анаықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 22 маусым 22 жылы берілген. БИН: 160640019727
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон 2022 жылғы 29 қарашадағы № KZ21RVK00025426 хабарлама берілген
7Құрылған жылы2016 жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты І ғимарат, екі қабатты ІІ ғимарат
9Топтар саны10
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: I ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенКіші топ – күні бойы Орта топ – күні бойы Ересек топ – күні бойы Мектепалды тобы – күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 225 балаға арналған. Құжат НИКАД-ы: KZ15RYS00420499 Құжаттың бірегей нөмірі: X.03.X.KZ88VWF00104498 Берілген күні: 03.08.2023 ж Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты бір қабатты І ғимаратты және екі қабатты ІІ ғимаратты типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 225 орындық, 10 топ жұмыс жасайды. Әр топ  15 – 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді, таңғы 8.00 – бастап, кешкі сағат 18.30 – ға дейінгі уақыт аралығында.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде  тәрбиеленеді.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, психолог кабинеті, мед кабинет, асхана, қойма, кір жуу, күзет  блогы бар. Материалдық техникалық базасы стандартқа сай жасалған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Күзет агенттігімен келісім – шартқа отырған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар мен гүлдер отырғызылған. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен қатар, әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары мен күркелері қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші кабинеті;
  • Әдістемелік кабинет;
  • Медбике кабинеті;
  • Педагог – психолог кабинеті;

Қолданыстағы құрал – жабдықтар:

  • Теледидар – 10 дана;
  • Компьютер – 1 дана;
  • Ноутбук – 5 дана;
  • Түсті принтер – 1 дана;
  • Принтер – 3 дана.

Ата – аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.